获取下载链接
歌词

作词 : Асхат Абзалбеков

作曲 : Асхат Абзалбеков

Қол бұлғап алыстайды жалын күндер,

Өзендей тулап аққан ағын күндер.

Жұлдыздар сені алысқа ала қашты,

Айналып сағынышқа сағым күндер.

Өмір , өкіндірме,

Көңіл, күрсіндірме,

Жүрек сыздамашы,

Талпын жарқын күнге .

Бақыт, кетпе жырақ,

Уақыт, деген сұрақ.

Үміт алдамашы

Әр күн үлкен сынақ.

Күн тұрар бар әлемге нұр таратып,

Жарық күн кімге түнек, кімге бақыт?

Біреулер шыңға шығып шарықтаса,

Ал, біреу ғұмыр кешер мұңға батып